+7 (777) 215-07-31
Басты бетWMG ConsultingWMG Medical TourismБайланыс+7 (777) 215-07-31
RUKZEN
Кулинария мен кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясы
БастыWMG ConsultingМейрамхана бизнесі
16 — 27 қаңтар 2017 Италия Мейрамхана бизнесі

Кулинария мен кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясы

38-ші SIGEP халықаралық көрмесіне бару, Римини қ., Италия

2017 жылдың 16 қаңтарынан 27 қаңтарына дейін біз Италияның бірнеше қаласында өткен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының басшылары мен мамандарына арналған кулинария және кондитерлік өнімдер дайындау технологиясы бойынша мамандандырылған еуропалық оқу турын өткіздік.

Тур қатысушылары:

Шымкент, Ақтөбе, Астана, Алматы, Тараз, Қарағанды қалаларынан келген кәсіпорын өкілдері

Кулинария мен кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясы — фото 1
Кулинария мен кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясы — фото 2
Кулинария мен кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясы — фото 3

Италиядағы шеберлік сабағы бағдарламасы

  • ITALIAN CULINARY INSTITUTE FOR FOREIGNERS — Костильоле-д'Астидегі ICIF аспаздық мектебі, мұнда тур қатысушыларына әртүрлі ұлттық тағамдар мен кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясы көрсетілді.
  • ACADEMIA BARILLA: алабұға, тунец, тауық, бұзау, қой етінен тағам және итальяндық кондитерлік мастер-класс.
  • MaMa FLORENCE кулинарлық мектебі: сиыр еті мен бауыр тағамдарын дайындау бойынша мастер-класс.
  • CORDON халықаралық мектебінің бас аспазымен Флоренцияда кездесу.
  • ACADEMIA BOSCOLO ETOILE (Тоскания): итальяндық бес түрлі тағамды дайындаудың негізгі тәсілдері.
  • PASTICCERIA CIMORONI A GENZANO DI ROMA кондитерлігі (Рим).

38-ші SIGEP-2017 халықаралық көрмесі

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, наубайханалар, кондитерлік өнімдер, кофе және өнеркәсіптік емес балмұздақ өндірісі үшін жетекші халықаралық көрме. Қатысушылар әртүрлі өнімдер мен ингредиенттер туралы, түрлі жабдықтар, технологиялар, жаңа трендтер мен инновациялармен танысып білді. Құрал-жабдықтар мен шикізаттан басқа, интерьер дизайны, сауда алаңдарын жобалау, ыдыс-аяқтар мен құралдардағы инновацияларды көрді. Эксклюзивті тақырыптық секциялар, халықаралық байқаулар, семинарлар және әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың экспозициялары көрсетілді.

Стендтер мен мастер-кластар

Euronut S.r.l., Tecnoblend S.p.a., Frigomat S.r.l. компанияларының стендтерінде болды. Frigomat стендінде "крем жасағыш-фризер" типті комбайндар жұмысы көрсетілді — шоколад (Twin Chef LCD көмегімен қатайтылған шоколадтан көркем өнімдер), әртүрлі торттар мен балмұздақ өндіру технологиясы.

Сұрақтарыңыз бар ма ...?

Сіздің тапсырмаңызды талқылап, оңтайлы бағдарламаны таңдаймыз

Кеңсе

Алматы, Жібек Жолы к-сі 64, 208 кеңсе

Картадан ашу

Форманы жіберу арқылы сіз біздің құпиялылық саясатымызбен келісесіз.

WhatsApp