wmg printingПолиграфиялық өнімдерді өндіру мен басып шығару біздің компания қызметінің негізгі  бағыттарының бірі болып табылады. WMG «Oriental Group» компаниясының ТМД, Балтық елдері мен Моңғолия аумағындағы ресми өкілі болып табылады.

Өзінің 1952 жылғы концепциясынан бастап «Oriental Group» компаниясы өркендеп, өсіп, әлемдегі ірі баспа ұйымдарының біріне айналды және қазіргі кезде өз өнімін әлемнің 100-ден астам еліне экспортқа шығарады.
Дубай мен Бахрейндегі заманауи полиграфиялық зауыттары мен Таяу Шығыс пен Еуропадағы сатылымдар және маркетинг жөніндегі офистерінің арқасында «Oriental Group» компаниясы өзіне ондаған жылдар бойы адалдығын сақтаған клиенттердің таңдай қақтыратын аламан тізімінің  қалыптасуына қол жеткізді. Бұл жерде компанияның барлық төрт бөлімінде жоғары сапалы өнімдердің кең ауқымы өндіріледі:

- Кітаптар мен журналдарды басып шығару
- Коммерциялық баспа
- Қатаң есептегі құжаттаманы басып шығару
- Сандық баспа

Ең жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарға инвестициялауға қатысты ұстанымының және өзінің барлық құрметті клиенттеріне инновациялық және икемді қызметтер көрсетуінің арқасында «Oriental Group» компаниясы Таяу Шығыстағы  алдыңғы қатардағы өндірушілердің көшбасшысына айналды.

«Oriental Group» компаниясы 2008 жылдың тамыз айында Бахрейн қаласында 23000 шаршы метр құрайтын жаңа фабрика ашты, ол журналдық және жарнамалық өнімдерді, түрлі компаниялардың жылдық есептерін, құттықтау ашық хаттарын, арнайы өнімдерді, пошталық және акциздік маркаларды, банк чектерін, акцияларды, облигацияларды, сертификаттарды, әуе және темір жол билеттері мен  көптеген  жоғары сапалы баспа өнімдерін басып шығаруға маманданды.

Дубайдағы Джебель-Али ауданындағы өзге өндірістік нысан алуан түрлі түсті кітап өнімдерін басып шығарумен айналысады,  оның өнімдерінің басым бөлігі әлемдік нарықтарға экспортталады.

«Oriental Group» өз капиталын негізінен ең жаңа құрал-жабдықтарға, соның ішінде  6 және 8 түсті полиграфиялық машинаға инвестициялай отырып, зауыттың қазіргі мүмкіндіктерін одан сайын жетілдіре түсуді, клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтуді және олардың жаңа өнімдердегі тұтыныстарын жоспарлауды көздеді.

«Oriental Group» экологиялық саясатының жоғары деңгейде бағаланғанына қарамастан,  өз сапасын және кәсіпорынның экологиялық саясатын дамытуды әлі де жалғастыруда. Оған қоса, кәсіпорында қызметкерлерді оқыту мен олардың дағдыларын дамытуға бағытталған үздіксіз кәсіби бағдарлама әрекет етеді, аталған қызметкерлер штаты кәсіпорын үшін ең бағалы актив болып табылады, осы күрт өзгергіш әлемде тұтынушылық қажеттіліктерге толығымен сәйкес келіп, бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуге кепілдік береді.

«Oriental Group» компаниясының қатаң есептегі құжаттарды басу бөлімшесі Таяу Шығыстағы осы өнім түрін басып шығару қызметінің орталығынан дәстүрлі түрде орын алған. Бұл Бахрейннің ішкі нарығына пошталық маркаларды жеткізуден басталып, әуе жүкқұжаттары, әуе билеттері, міну талондары сияқты және т.б. көптеген бланкілерді баса отырып, әуе компанияларына арналған құжаттарды басуға дейін ұласты.

Қатаң есептегі құжаттарды басу бөлімшесі осы аймақтағы нарықта ізашарлардың бірі болды, ол қаржы ұйымдарына арналған қатаң есептегі құжаттарды басумен шұғылданды, ал қазіргі таңда көптеген озық қаржы ұйымдары үшін арнайы құжаттарды басып шығарады.

Бахрейнде заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған қатаң есептегі құжаттарды басып шығаратын жаңа зауыт іске қосылғалы бері «Oriental Group» компаниясы өз клиенттеріне құпия, консультативтік әдісті ұсына отырып, ең жаңа голограммалар, бояу мен сияның бірегей түрлері қолданылатын және құжатты қолдан жасаудан қорғайтын көптеген заманауи мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін озық құжаттарды басып шығару технологияларын ұсынады.

 

 

Степени защиты в дизайне документов

Төменде біз басып шығара алатын құжаттар дизайнында қолданылатын қорғаныс деңгейлерінің кейбір түрлері ғана келтірілген:

  1. Гильошті бірегей дизайн
  2. Өз түсін өзгертетін сия
  3. Микромәтін
  4. Микро Перфорация
  5. Нано-мәтін
  6. Голограммалар мен эмбостирлеу
  7. Көрінетін және көрінбейтін сиялар
  8. Көшіруге қарсы әсер
  9. Құжаттарды қорғаудың өзге деңгейлері

Печать документов строгой отчетности

Фабрикамызда шығарылатын түрлі қорғаныс деңгейіне ие қатаң есептегі құжаттардың кейбір түрі:

  1. Пошталық және акциздік маркалар
  2. Банктік чек кітапшалары
  3. Акциялар мен облигациялар
  4. Аэрограммалар
  5. Әуе билеттері
  6. Әуе жүкқұжаттары
  7. Темір жол билеттері
  8. Сақтандыру полистері
  9. Жол чектері
  10. Сертификаттар
AeroAsia
African
AirAstana
AirMalawi
AirMalta
AirSafari
Atyrau
BuraqAir
Daallo
Dnata
EastAfrica
Emirates
Eriterian
Etihad
GeorgianAirways
Ghana
GMG
GulfAir
Indian
IranAirtour
JetAirways
JetOne
KazAirJet
Mega
NepalAirlines
PrecisionAir
Qatar
RoyalJordanian
SemeyAvia
StaTravel