Корпоративті клиенттердің тапсырысы бойынша семинарлар мен тренингтерді өткізу біздің қызметіміздің тағы бір бағыты болып табылады. Батыс компаниялардың тәжірибесі мен технологияларын зерттеу, әріптестік қарым-қатынас орнату, біріккен өндірістерді құру және ҚР аумағына инвестициялар тарту мақсатында халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шет елдерге мамандандырылған оқыту сапарларын ұйымдастыру осы салада ауқымды рөл атқарады.

Өзіміздің Ресейлік және Еуропалық әріптестерімізбен бірлесе отырып, біз Қазақстан мен Қырғызстан экономикасының түрлі салаларының өкілдері үшін Еуропаға түрлі семинарлар мен оқыту сапарларын ұйымдастырып, өткіздік. Туристтік компаниялардың өкілдері үшін біз Италияда, Германияда, Ұлыбританияда семинарлар ұйымдастырдық. Мейрамхана мен қонақ үй бизнесінің басшылары мен мамандары үшін Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін оқыту сапарлары өткізілді.